Мемлекеттік мүлікке тағы да ревизия жүргізіледі

60
Мүлікті жария ету

Мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін қысқарту үшін мемлекеттік мүлікке тағы да ревизия жүргізіледі. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде осындай тапсырма берді.

«Үкіметтің алдында экономикадағы жеке сектордың үлесін арттыру міндеті тұр. Бұл мәселені шешудің негізгі факторы Жекешелендірудің кешенді жоспарын уақтылы іске асыру болып қала береді. Биыл жоспардың 90%-ын орындау қажет. Бұл жұмыста өткен жылдардың тәжірибесін ескеріп, жоспарды толықтыру үшін мемлекеттік мүлікке ревизия жүргізу маңызды. Негізгі мақсат – мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін қысқарту», – деді Үкімет басшысы.

Үкіметтің міндеті – биыл шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 3,8 млн. адамға дейін жеткізу», – деді Әлихан Смайылов.