Ұлттық банктің Шымкент филиалында Ашық есік күні өтті

23
фото Отырар.кз

Бүгін Ұлттық валюта — Теңге күні. 15 қарашада «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына сәйкес, ұлттық валюта – теңге күні және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.  Осы атаулы датаға орай Қазақстан Ұлттық банкінің Шымкент филиалы «Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырды.

Ұлттық валютамыздың 31 жылдығын Қазақстан Ұлттық банкі Шымкент филиалының ұжымы дәстүрлі түрде атап өтті. Ашық есік күніне арнайы шақырту алған шаһардағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері төл валютамыздың шығу тарихы, атаулы даталарға шығарылған банкноталар мен монеталар, соңғы жаңашылдықтар жайлы толыққанды мәлімет алды

Нұрғали Исабеков, Қазақстан Ұлттық банкі Шымкент филиалының бөлім басшысы: «2023 жылы біздің Ұлттық банк тарапынан Сақ үлгісіндегі банкноталардың 5-ші сериясы шықты. Атап айтатын болсақ, былтыр 15-ші қарашада 30 жылдық мерей тойға арналған 10 мың теңгелік банкнота шықты. Одан соң 5 мың теңгелік банкнота желтоқсан айында шықты. Және 2024 жылдың жаз айында 10 мың теңгелік жаңа үлгідегі банкноталар қолданысқа енгізілді. Алдағы уақытта осы жылдың желтоқсан айында 2 мың теңгелік банкнота қолданысқа енгіліетін болады».

Маманның айтуынша, банкноталар қорғаныс элементтерімен ерекшеленеді. Жаңа үлгідегі 5 мың және 10 мың теңгелік банкноталар бұрғынғы қолданыстағы банкноталарға қарағанда көлемі біршама кішірейтілген, санауға да, алып жүруге де қолайлы. Сала мамандарынан бөлек болашақ қаржыгерлерге төл валютамыз, атаулы даталарға арнайы шығарылған монеталар жайлы нумизматтар қоғамының коллекционерлері әңгімелеп берді.

Дәулет Бекқожин, нумизмат: «Үш монета шыққан блистарда Қуаныш Сәтпаев, Кемел Акишев, Рақымжан Қошқарбаев. Осыларды түсіндіріп жатырмыз, нумизматикасын халыққа түсіндіріп осы мекемеге келіп, өзіміздің білетінімізді көрсетіп жатырмыз».

Бүгінгі теңге тұтастай Қазақстан мен оның барша азаматтарының дербес тіршілі­гінің, мемлекет тәуелсіздігінің айғағы бо­лып отыр. Ұлттық валюта осы жылдар ішін­де  түрлі қаржы дағдарысына төтеп беріп қана қоймай, жұртшылық тарапы­нан инвестициялық сенімге де ие болды.

Шынар Оразова