Абу-Дабиден діни кітаптар әкелген күдіктілер ұсталды

28
фото ТОПД

 

Түркістанда дін тақырыбындағы әдебиетті әкелгені үшін екі ер адам 369 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. Оқиға Абу-Даби-Түркістан әуе рейсінің келуі кезінде орын алған.

Әуежайдағы тексеру кезінде 59 жастағы екі Түркістан тұрғыны ұсталған. Олардан дінге қатысты мазмұндағы 39 кітап тәркіленді. Полиция дін саласындағы қызметті және дін ұйымдары туралы заңнаманы бұзғаны үшін құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды.

Түркістан облысы ПД: «Әрқайсысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. ҚР «Дін саласындағы қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы бойынша, ел аумағына дінге қатысты әдебиеттер мен басқа да ақпараттық материалдарды тек тіркелген діни бірлестіктер ғана, дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін әкелуге құқылы екенін ескертеміз. Жеке пайдалануға арналған бір данадан басқа, мұндай материалдар әкелуге болмайды».

Мұхамедали Шалхарбай