Діни әдебиет кітап сатқан азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды

30

Сайрам аудандық сотында құқық бұзушы М.-ге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағында «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бабы бойынша әкімшілік іс қаралды.\

Іс материалдары бойынша, 2022 жылғы 22 желтоқсанда сағат 15:12 шамасында, Сайрам ауданы, ХХХХХХ ауылында үйде әлеуметтік желісі арқылы діни әдебиетті әкеліп, таратқан.
Құқық бұзушы М.-нің. кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, үйінің ішінен діни кітаптардың алынғандығы жайлы актісімен, Түркістан облысының дін істер басқармасы мемлекеттік мекемесінің хатымен, полиция қызметкерінің баянатымен дәлелденген.
Соттың қаулысымен құқық бұзушы М.-ге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және таратуға қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, 50 АЕК (айлық есептік көрсеткіш ) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.