Түркістанда тамаша туынды түсірілмек

273

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов facebook парақшасында жағымды жаңалығымен бөлісті.

«Іссапарымның аясында, АбуДабиде орналасқан, әлемнің ірі медиа корпорацияларымен серіктестік құрған «TwoFour54 group» медиа-хаб басшыларымен кездестім.

Түрлі жобаларды талқылай келе, жақын арада өңірімізде кино түсіру мүмкіндігін де қарастырдық. Орта Азия өңіріне Исламның тарау тарихы, мәдениет пен ғылымның даму жолдары, Түркістан, Қожа Ахмет Яссауи мен Әл-Фарабидің еңбегі мен әсерін көрсету мақсатта бар.

Бүкіләлемдік медиа индустриясында өзіндік орны бар мамандардың біздің елде кино түсіруі, ең алдымен, бүкіләлемдік медиа платформасына шығып, елімізді осы индустрияда барынша танымал етуге ықпал тигізетініне сенімдімін.

АбуДаби қаласының басшысы Саиф Бадер Аль Кубайсимен кездестім. Қала басшысы бауырлас қала болуға ниет білдіріп тәжірибесімен толық бөлісетін болды. Оның ішінде Инвестиция тарту, туризм, цифрландыру, білім және спорт кіреді. Алла қаласа Наурыз айында келемін деп ниет білдірді.

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірлігіндегі елшімізге алғыс айтамын!», делінген жазбада.