Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде орналасқан Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайында айтулы елге өнеге болатын іс-шара өтті!
Іс-шара барысында Ғұсман Қырғызбаев мұражайға Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарындағы киманосын берсе, ал сыңары Ғұмар Қырғызбаев әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында киген киманосын тарту етіп мұражай төрінен орын тапты!
Сонымен қатар, Халықаралық жарыстар мен чемпионаттарда жеңіп алған медаль және бейджиктерді сыйға тартты.
Ағайынды егіздер күрес әліппесін үйреткен алғашқы бапкері Еркеғали Отызбаевқа 3 миллион теңгенің сертификатын сыйға тартып, осы биіктерге жетуге үлес қосқаны үшін алғыстарын жеткізді!
Алғашқы бапкері Отызбаев Еркеғали Әзімханұлы Дзюдодан Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.