Шымкент қаласы аумағында 2025 жылдың қаңтар айының 20-29 күндері аралығында “Тұрмыс” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат — отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастарда жасалатын ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жағдайды тұрақтандыру.
Іс-шара барысында криминогендік жағдайды сауықтыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында,Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ЖПҚ(б) әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Амануллаева Динара Айтшановна -нің қызметкерлерімен біршама жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда: спирттік ішімдіктерге әуес, отбасы-тұрмысы саласында құқық бұзушылықтар жасайтындар және тұрмысы нашар отбасылар мен тізімдік есепте тұрған азаматтарды, әкімшілік учаскелердегі пәтерлер мен аулаларда тексеру жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.