Айыппұл төлемей жалтарып жүрген азаматтарды «аулау» басталды

25

Сайрам ауданы аумағында айыппұлды төлемей жалтарып жүрген азаматтарды анықтау мақсатында 23-27 қазан аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Профилактикалық іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары мен әкімшілік полиция тобы қызметкерлері аудандағы автобекеттер мен жүргізушілер арасында жол қауіпсіздік бойынша сұхбаттар жүргізіп, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтауда.
Осыған байланысты аудан тұрғындарына әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында, яғни хаттама рәсімделген күннен бастап салынған айыппұлды 7 тәулік ішінде төлену мен әкімшілік құқық бұзушылық қаулысы шыққан күннен бастап 30 күн мерзімге ерікті түрде айыппұлды өндіру қажеттілігі жөнінде ескертеміз.