«Жүрегім толы мейірім» іс-шарасы өтті

32

«Біз бірдейміз, бөлінуді білмейміз» дегендей, Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен және әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімшесінің қатысуымен ерекше жандарға арналған «Жүрегім толы мейірім» тақырыбы аясында ерекше жастарды қолдау және өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында іс-шара болып өтті.

Қайрымдылық-халқымыздың ең асыл қасиеттерінің бірі. «Қайрымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген екен дана халықымыз. Қайрымдылық халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей қайрымдылыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы. Осындай бағыттағы іс-шараларға қазығұрттық кәсіпкерлер де ұдайы демеушілік жасап отырады.
Іс-шара барысында жастарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлап, алғыс хаттар мен сый-сыйапаттар тарту етілді.