Жезөкшелікпен айналысуға арналған 11 притон анықталған

31
фото Отырар.кз

 

Түркістан облысының прокуратурасы халық имандылығы мен жезөкшелікке қарсы іс-қимылға ерекше назар аударады.

 Мәселен, өткен жылы прокуратураның үйлестіруімен және арнайы іс-шаралардың нәтижелері бойынша жезөкшелікпен айналысуға, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге арналған 11 притон анықталып, оның жұмысы тоқтатылды.

 Ұйымдастырушылар, яғни «жеңгетайлар» ретінде 12 Қазақстан азаматшалары екені белгілі болды. Аталған притондарда сексуалдық қызмет көрсететін 35 адам анықталды, олардың 13-і Өзбекстан Республикасының азаматшалары.

Мысалы, өткен жылдың 14-ші желтоқсанында Сайрам ауданында жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Өзбекстанның 7 азаматшаларының интимдік қызмет көрсеткені анықталып, заңсыз нысанның жұмысы әшкереленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 309-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ұйымдастырушылар ұсталды.