Шымкент пен Түркістан азаматшалары шетелдіктерге жезөкшелікке жегілген

61

Шымкент және Түркістан облысының азаматшалары жөзекшелікке жегіліп келген. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Погондылар сөзінше оңтүстік тұрғындары шет елге сатылған. Және бұл заңсыздық арада 4 жыл өткен соң ғана анықталып отыр.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының азаматшалары шет елге сатылып келген. Жаға ұстатарлық бұл жағдайды еліміздің погондылары мәлімдеді. Жауаптылар сөзінше жөзекшелікке жегілген жерлестеріміздің саны – 39. Олар 4 жыл бойы Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия мен Бахреин корольдігіне сатылған. Ал, оларды саудалаған күдіктінің әзірге 19-ы ғана табылыпты. Қалған үшеуі әлі де іздеуде.

Санжар ӘДІЛОВ, ІІМ өкілі: «Қазіргі уақытта шет елде анықталған жәбірленушілердің барлығы қайтарылып, өз отбасыларына жеткізілді. Оларға қазіргі таңда ешқандайда қауіп төніп тұрған жоқ. Уәкілетті органдармен барлық жәбірленушілерге тиісті әлеуметтік, құқықтық, медициналық және психологиялық көмек көрсетуде»

Айта кетейік, қазіргі таңда нәзік жандылар саудасы бойынша Қазақстанда 133 қылмыстық іс қозғалған. Ал, күдікті ретінде 48 азамат ұсталыпты. Осылай деген ішкі істер министрлігінің өкілдері биыл алаяқтықтың да артып бара жатқанын айтады. Карантин басталғалы жұртты сан соқтыру 27 пайызға көбейген.

Санжар ӘДІЛОВ, ІІМ өкілі: «Карантин басталғалы елімізде алаяқтық артып кетті. Жұртты кредит алуда, онлайн сауда жасағанда, ақшаны электронды түрде аударғанда абай болуға шақырамыз. Себебі тіркелген заңбұзушылықтың көбі осындай жағдайда жасалған.»

Полицейлер ақшаға қарық қыламыз деп, жұртты сан соқтырған алаяқтардың әзірге біреуін ғана анықтапты. Сөздерінше 300 млн теңгені қолды қылған қылмыскерлер хаккерлер. Айлакерлердің біреуі қылмысты Алматыда, қалған екеуі Ресейде отырып тындырған.

Назерке Үкібасова