Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына 30 қаңтар күні Шұбар су елді мекенінің тұрғыны арызданған. Жергілікті тұрғын өз арызында Еңбекші ауданының аумағында ораласқан сауналардың бірінде жезөкшілікпен айналысатын притондар ұйымдастырлып жатқанын хабарлаған.

Хабарлама бойынша Шымкент ҚПД Криминалдық полиция басқармасы, Еңбекші ауданы Полиция басқармасы және Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері айтылған мекенжайды тексеру мақсатында жедел іс-шараны жүргізу барысында Адырбеков көшесінде орналасқан сауналардың бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырылғандығы анықталды.

Жезөкшелікпен айналысқан 3 азаматша және женгетайлықпен айналысқан бір азаматша полицияға жеткізіліп, есепке қойылды.

Тексерудің нәтижесі бойынша әрбір азаматшаның іс-әрекетіне құқтық баға берілетін болады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі