Жасырын жұмыс істеген есірткі зертханасы анықталды

Шымкентте жасырын есірткі зертханасы анықталды. Тінту барысында 7 кг есірткі, 500 келі прекурсор және зертханалық жабдықтар тәркіленді. Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жергілікті департаменті мен прокуратура заңсыз жұмыс істеген зертхананың жолын кесті.

Аталған жайт бойынша ҚР қылмыстық кодекстің 297-бабымен тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Қайырлы Ахмет, ҚР ҰҚК ресми өкілі: «Тінту барысында 7 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде«.