ҚР Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінде адвокаттардың біліктілігін арттыру мақсатында «Алимент өндіріп алу бойынша халықаралық құқықты көмек. Ұлттық құқық қолдану ерекшеліктері» бойынша семинар өтті.
Семинарға Сот әкімшілігінің халықаралық байланыстар бөлім меңгерушісінің орынбасары Т. Таскужин, бөлімнің бас-сарапшысы Г. Егенбердиева, Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы А. Апбас және Сот қызметкерлері қатысты. Баяндамашылар халықаралық шарттар мен конвенциялар тәртібі бойынша баяндама жасады.
Семинар соңында Сот әкімшілігінің өкілдері талқыланған мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.