Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі заты бар «Трамадол»дәрілік препаратын сақтау мен тасымалдау дерегіне қатысты күдікті екі адамды анықтап, ұстады.
Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түлкібас ауданының «Алматы-Шымкент» тас жолында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары, екі ер адам отырған «Lada» автокөлігін тоқтатты. Аталған көліктің жүксалғышын тексеру кезінде «Трамадолдың» 12 000-нан астам таблеткасын тауып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Күдіктілер қамауға алынды.