Қатты дауыл салдарынан электр желілері істен шықты

фото ОЖТ

Кеше 17.05.2025 жылы Ауа райының күрт нашарлауына — қатты жел және нөсер жауын секілді табиғи құбылыстардың әсерінен Түркістан облысы аумағында орналасқан 110/35/10 кВ кернеулі әуе электр желілерінде бірқатар апаттық жағдайлар орын алды.

Атап айтқанда, күшті желдің салдарынан ағаштар сынып, үйлердің шатырлары ұшып, әуе желілерін зақымдады. Соның нәтижесінде бірнеше елді мекенде электр энергиясы уақытша өшірілді.

Қазіргі таңда “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-нің апаттық-қалпына келтіру бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Апат салдарын жою және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында барлық қажетті техникалар мен мамандар жұмылдырылған. Қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

Жаңартылған ақпараттар туралы тағы да қосымша хабарлайтын боламыз.