«Оңтүстік ЖарықТранзит» компаниясы ескірген электр жүйелерін жаңғыртуда

232

Шымкент қаласының халқын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС ауқымды жұмыс атқаруда.

Инвестициялық бағдарлама аясында биыл шахар аумағындағы Жидели, Қарабастау, Қаратөбе, Қызылжар елдімекендерінде тозығы жеткен бағаналар, жоғары кернеулі желілер, оқшауланған сымдар алмастырылып, жаңа 10 трансформатор орнатылды. Айта кететін жәйт жаңғырту компанияның есебінен жүзеге асуда.

«Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің Шымкент қаласы маңындағы электр жүйелерінің мамандары Абай ауданына қарасты Жиделі елдімекенінде өткен ғасырдың 67 жылдарынан бері жаңартылмаған ағаш бағаналарды замануи берік бетонбағаналармен алмастыруда. Жоспар бойынша мұнда ұзындығы 3 шақырымды құрайтын 10 киловольтты жоғары кернеулі желілер мен 55 бағана жаңаланады.
Марат Бақтыбай, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Шымкент қаласы маңындағы электр жүйелерінің бас инженері:»Бағаналарды  ауыстырып жатырмыз . Жаңартпаса болмайды. Қыста, көктемде қызмет көрсету бұл учаскеде қиын».

Энергетиктер ағымдағы жылға жоспарлаған жұмыстарды кезеңімен жүргізуде. Ол үшін техника да, мамандар да жеткілікті. Жоғары кернеулі желілерді тарту, бетонды бағаналарды орнықтыру оңай шаруа емес. Сондықтан, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС жаңғырту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сапалы жүргізу үшін мамандардың кәсіби біліктілігін артырып, техниканы жаңартуды қолға алған.

Марат Бақтыбай, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Шымкент қаласы маңындағы электр жүйелерінің бас инженері:»ОңтүстікЖарық Транзит» компаниясының 2016-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында биыл 8 жарым  шақырымда жоғары кернеулі желілер, 10 трансформатор, сонымен қатар ескірген электр сымдары   оқшауланған сымдармен жаңаланады. Қарабастау, Қаратөбе, Қызылжарда жаңа линиялар орнатылады. Бұл жұмыстар компанияның өз есебінен жүргізулде».

«Шахардағы қуаты төмен тозығы жеткен электр жүйелері замануи құрылғылар-жабдықтармен кезеңімен алмастырылуда. Жаңаланған трансформаторлар, оқшауланған сымдар , жоғары кернеулі электр желілері қала тұрғындарын электр жарығымен сапалы қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді»,- дейді «Оңтүстік ЖарықТранзит» компаниясындағылар.

Шынар Оразова