Шымкентте жыл басынан бері 21 бала өзіне-өзі қол салған. Олардың бесеуі қайтыс болып, қалғаны аман қалған. Балалардың суицидке бару себебі де, олардың әлеуметтік жағдайы та әртүрлі. Мамандар көп жағдайда балалардың тыңдаусыз қалуы қайғылы жағдайларға алып келетінін айтады. «Бала үшін ата-ананың өзімен жиі сырласуы маңызды» дейді.
Бүгін Шымкентте қалалық білім басқармасы және қалалық денсаулық сақтау басқармасы балалар арасындағы суицид тақырыбында семинар өтті. Мақсат – дағдарыс жағдайындағы балаларды ерте анықтау және оларға қолдау көрсету. Онда дәрігерлер, мектеп және емдеу мекемелерінің психологтары қатысты.
Медет Болатов, Шымкент қалалық психикалық денсаулық сақтау орталығының бас дәрігері: «Қазіргі балалар мен жасөспірімдер түрлі психоэмоционалдық мәселелермен бетпе-бет келуде. Бұл – жасөспірім шақ, мектеп, отбасылық жағдай. Сондықтан біз балалардың қиын жағдайға тап болғанын дер кезінде анықтап, қол ұшын созуымыз керек. Яғни суицидке оқталудың алдын алуымыз қажет».
Шымкент қалалық білім басқармасы психалогиялық қолдау орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы Жандар Төлегеннің айтуынша, балалар арасындағы суицид мәселесі әлі де өзекті. Суицид жасаған балалар саны да көп. Семинарда ата-анамен бірге психологтар бұл балаларға көмектесу жолын талқылайды.
Жандао Төлеген, Шымкент қалалық білім басқармасы психалогиялық қолдау орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы: «Өкінішке қарай Шымкент қаласында мұндай оқиғалар жиілеуде. Негізінде бұл жерде белгілі бір толық отбасы немесе толық емес отбасындағылар бейім деп айтуға болмайды. Себебі орталық зерттеген кезде барлығының бір ортақ мәселесі – тыңдаусыз қалған баланың жан дүниесі. Яғни бүтін отбасы болса да, жартылай отбасы болса да жақындарыны, айналасындағы достарымен қарым-ұатынастың үзілуі немесе буллингке ұшырауы. Жалпы бала өзімен-өзі қалады».
Мамандар балалар арасындағы суицидтің алдын алуда ата-анамен бірге мектептің, әсіресе сынып жетекшісі мен мектептің педагог психологтарының рөлі зор дейді. Олар түрлі әдістер арқылы баланың жан дүниесінде не болып жатқанын анықтауға сеп болады.
№52 мектеп-лицейінің -педагог-психологы: «Анықтау мақсатында көптеген әдістер, сауалнамалар, қосымша жұмыстар атқарылады. Жұмыс нәтижесінде баланың мазасыз жағдайы байқалады. Бірінші кезекте сынып жетекшілерімен байланыста болады. Сынып жетекшісімен бірге істей отырып сол баланың бойындағы мазасыздықты анықтау мақсатында баланың ішкі жан-дүниесіне еніп, бірлесе отырып жұмыс атқарылып жатыр».
Төлегеннің сөзінше, қоғамнан тыс жалғыз қалған балаға психологтың көмегі өте маңызды. Баланың ата-анасымен бірге мамандар дер кезінде қырағылық таныта алуы керек. Баламен сөйлесіп, хәл-жайын сұрап қою жеткіліксіз. Олармен жиі сырласып, бірге көп уақыт өткізу керек.
Жандар Төлеген, Шымкент қалалық білім басқармасы психалогиялық қолдау орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы: «Жұмыстармен жүріп баланың көңіл-күйін байқамай қаламыз. Сол кезде балалар ішіндегісін ешкімге айта алмай, асқынып кетеді. Соны дер кезінде байқасақ бұл жерде тек психологтың ғана емес ата-анасының да ата-анасының баласының көңіл-күйі кешегіден бүгін төмендеу екенін күнделікті байқап тұруы керек. Кеше барлығы жақсы еді, білмей қалды, бүгін неге бұлай деген сұрақ қояды. Неге деген сұраққа жауап берсем бола ма деймін. Мысалы, балаңыз хат тастап кетті. Неге ол хат тастап кетті? Оны айтуға да болар еді балаңыз. Бірақ ол тыңдалмады. Тыңдалмай қалған соң хатты жазып кетті».
Шымкент қалалық білім басқармасы психологиялық қолдау орталығының дерегінше, биыл Шымкентте 21 бала суицид жасаған. Оның бесеуі қайғылы оқиғамен аяқталған. Қалған балалар аман қалған. Оларға тиісті мамандар жан-жақты көмектесіп, қолдау білдіріп жатыр.
Дилара Иса