Қазығұртта 104 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

фото ҚАӘБҚ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының білім беру ұйымына қарасты барлық мектепте түлектерге аттестат тапсыру рәсіміне арналған салтанатты шара өтті.

2024–2025 оқу жылы аудан бойынша 9 сыныпты 2515 оқушы аяқтап отыр. Бәрі аттестатын алды. Оның ішінде «Үздік аттестатқа» 128 оқушы қол жеткізді. Ал 11 сыныпты 1892 оқушы аяқтап, қолдарына мектепте білім алғандарын растайтын аттестат тапсырылды. Биылғы түлектердің жетістіктері ерекше: 104 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 234 түлек “Үздік аттестат” алып, ауданның білім сапасын айқындай түсті.

Мектеп қабырғасында өткен салтанатты жиындарға білім бөлімінің өкілдері, ұстаздар, ата-аналар қатысты. Олар түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, жарқын болашақ пен сәттілік тіледі.

Айта кетейік, ауданның білім беру саласында сапалық көрсеткіштер жыл сайын артып келеді. Бұл – ұстаздардың табанды еңбегі мен ата-аналардың үздіксіз қолдауының нәтижесі. Бүгінгі жетістік – ертеңгі сенімді қадамға жол ашары сөзсіз.