Шымкенттік кәсіпкер тегін балмұздақ таратқаны үшін жауапқа тартылды

Фото Видеодан скрин

Аспаннан балмұздақ жауған күн болды. Кәсіпкер сауда орталығының ашылу құрметіне балмұздақтан шашу шашқан. Алайда онысы дұрыс болмады. Тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Шара 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай өткен. Тегін балмұздақ Шымкенттегі «Тұран-2» ықшамауданындағы «Жаңалық» сауда үйінің жанында таратылған. Бұл акцияның соңы балмұздақ лақтырып, шуға ұласты.

Ұйымдастырушыға 50 АЕК яғни 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.