2,5 миллион теңге тұратын балмұздақтарын ұрлап кетті

285

2021 жылдың 26-шілдесінде Әл-фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға өзіне тиесілі балмұздақ шығаратын фирмасында, «А», «У» және «И» есімді қызметкерлер, құны 2.576.000 теңге тұратын балмұздақтарын, ұрлап кеткендерін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, Әл-фараби АПБ учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға заттарын бермеуге кеңес береді.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі