Түркістандықтар Нұр-Сұлтанда тегін балмұздақ таратпақ

251

365 тоннаның ауылшаруашылық өнімдерін бас қалаға өңіріміздің 77 диқаны мен кәсіпкері жіберіп отыр. Бұл – шаруалардың өздеріне де тұтынушыға тиімді болмақ.

Нұрбек Бадырақов, Түркістан облысы ауылшаруашылық басқармасының басшысы: «Биылғы жылы жалпы мынау көктемгі дала жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда бір апта ерте басталды. Соның нәтижесінде Түркістан облысы бүгінгі таңда 250 мың тонна көкөніс, 28 мың тонна картоп, жалпы 1500 мыңға жуық жеміс-жидек өнімдері пісіп Нұр-Сұлтан қаласы, солтүстік облыстарға жөнелтілді».

Ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласында сегіз ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Ондағы өнімдер Елорда тұрғындары үшін 10-15 пайызға төмен болмақ.

Жұмагүл Маханова, жәрмеңкеге қатысушы: «Бізде бағалары өте төмен. Әкімшіліктерге рахмет айтамын. Өйткені біздің өндірген өнімдерімізді апарып сатқызып жатқанына рахметіміз шексіз»

Айта кетейік, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай өңірден барған кәсіпкерлерге жәрмеңкеде арнайы бұрыш қарастырылып отыр. Онда 16 жасқа дейінгі балаларға тегін балмұздақтар мен сүт өнімдері таратылады.