Еңбекші ауданында заңсыз нысан сүріліп, орнына балалар ойын алаңы салынды. Тұрғындардың өтінішіне құлақ асқан әкімдік қызметкерлері игі бастамаға себепші болды. Олар қараусыз қалған жерді нысаналы мақсатта пайдаланып, халыққа балалар алаңшасын салып берді. Алаң заманауи талаптарға сай жабдықталып, түрлі ойын элементтерімен қамтылған.
Ергешбай Парманов, Қарабастау тұрғын алабында 1960 жылдан бастап тұрады. Талай жылдың тарихы бар, ауылымыз жыл санап дамып келеді дейді. Халық саны артқан сайын сұраныста көп деп отыр. Мәселен, талай жылдан бері балалар алаңына қол жеткізуді мақсат тұтқан. Бүгінде қарашаның мәселесі шешілді. Елді мекеннің қақ ортасынан салынған заңсыз нысан сүріліп, орнына балалар алаңшасы бой көтерді.
Ергешбай Парманов, қала тұрғыны: «Биыл міне балалар алаңшасының үшіншісін салып жатыр. Қарабастау ауылына. Айтқан тілектеріміз барлығын орындап жатыр. Жарық бар. Көше көшеге асфальт салып жатыр. Қала әкіміне өтініш жасағанбыз. Спорт алаңын салып бер деп. Оны қарастырып жатыр».
Қайрат Аққошқаров, Қала тұрғыны: «Бұл жерде ескі медпункт болған еді. Баяғы советтік кезден бар еді. Құлап жатқан еді. Ақсақалдар бар. Ауыл белсенділері бар. Барлығымыз әкімшілікке өтініш жасадық. Ол кісілер, айтқанымызды орындап, орнына тазалап балалар алаңашасын салып, балалар ойнап жатыр».
Жауапты мамандардың айтуынша, ойын алаңшасы, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, дене шынықтыруына және қауіпсіз ортада ойнауына мүмкіндік береді. Сондықтан, балалар ойын алаңы, спорттың алаңшаларды салуды алдағы уақытта жалғастыра бермек. Өйткені, жылдан жылға балалардың саны да артып келеді.
Марлан Жолдахмет, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «Жұлдыз аумағында, Қаратбастауда мектепке қарама қарсы, Жалында, Асубұлақ көшесі бойында балалар ойын алаңшасы салынған. Осы құрылыс салу барысында Асубұлақ көшесінің тұрғындары алаңша салуды сұраған болатын. Қазіргі уақытта ауланы зерделей отырып, заңсыз салынған қоралар, гараждар бар екен. Соларды бұзу жұмыстары жүріп жатыр. Келер жылы балалар ойын алаңын салуды жоспарлап отырмыз».
Айта кетейік, биыл Еңбекші ауданы бойынша халық қатысатын бюджет жобасы аясында кешенді жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде 35 балалар алаңшасы, 5 гүлзар, 13 шақырым аяқ жол жұмыстары жоспарланған. Нәтижесінде, 34 балалар ойын алаңы салынып, халық игілігіне берілген.
Нұргүл Жолымбетова