14 заңсыз нысан сүрілді

387

Облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаевтың төрағалық етуімен өткен жиында Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 6-айда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан, жыл басынан осы уақытқа дейін 14 заңсыз нысан бұзылып, 294 жеке тұлғаға 35 млн.-нан астам айыппұл және 108 заңды тұлғаға 22 млн. -нан астам айыппұл салынып өндірілуде.

Жиналыс төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев баяндамашыларды тындап, жауапты мамандарға сұрақтар қойып, 6 айда атқарылған жұмыстарға тиісінше баға берді.