Заң талабын сақтамай салынған 140-қа жуық нысанға айыппұл салынды

60

Түркістан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен заң талаптарын сақтамай салынған (салынып жатқан) барлығы – 139 құрылыс нысанға тексеру жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 206 хаттама толтырылған.

Жалпы салынған 47 892 765 теңге айыппұлдың бүгінгі күнге 66 пайызы өндіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2,7 есе өсіп отыр. Бұл туралы брифингте 9 айда атқарған жұмыс қорытындылаған басқарма басшысының орынбасары Сапарғали Салдаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, басқарма тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар 100% электронды форматта. Түркістан облысында ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айы аралығында 542 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 254-і —бюджет қаражаты есебінен, 275-і —жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен, 13-і — инвестициялық қаржы есебінен салынуда.

Құрылыс нысандарын жобалау алдындағы iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмысын орындау барысында құрылыс нормативтерінiң талаптарын бұзғаны үшін 2-жобалаушы, 11 мердігер мекемеге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 312 бабымен 100-700 АЕК аралығында айыппұл салынған.

Сондай-ақ, 10 техникалық қадағалаушы тұлғаға техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, 180 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік шара көрілген.

Жанерке Хумар