Шымкентте өткен кезектен тыс қалалық мәслихат сессиясында 11 мәселе қаралды. Олардың ішінде ең маңыздыларының бірі – қала бюджетін нақтылау болды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Ерқараевтың айтуынша, биылғы жоспарланған бюджет көлемі 850 млрд теңгеден 895 млрд теңгеге жетті. Бұл – қосымша 45 млрд теңге.
Қаражат әлеуметтік салаға, инфрақұрылымды дамытуға және қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталмақ.
Сессияда депутаттар күн тәртібіндегі өзге мәселелер бойынша да шешім қабылдады.