ЕАЭО 1 қыркүйектен бастап жеңіл көліктер үшін баж салығын төмендетеді

419
Фото Алаш айнасы

1 қыркүйектен бастап Кеден одағының нарығына сырттан әкелінетін автокөліктер үшін баж салығының жарнасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуразия экономикалық комиссиясының сайтына сілтеме жасап.

1 қыркүйектен бастап жаңа көлікті әкелу үшін оның кедендік құнынан 17% жарна төлеу міндеттеледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын ұқсас баж салығы 23% құраған еді. 5-7 жылдан астам қолданыста болған көліктерді әкелу үшін баж салығының құны 22% болады.

Келесі жылы көліктерді сырттан әкелуге салынатын баж салығының жарнасы  15% дейін төмендеуі мүмкін. Салықтың жаңа жарналары ЕАЭО аумағына түгел тарайды. ЕАЭО Кеңесінің шешіміне сәйкес, көлік бажынан басқа өзге де тауарлардың 95-тен астам түріне салынатын тарифтердің құны төмендейтін болады.