Шымкентте қалалық әкімдіктің Ішкі аудит қызметінің экс-басшысы сотталды.
Оған алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын. Еске салайық, 4-қараша күні қалалық әкімдіктің Ішкі аудит қызметінің басшысы қаладағы саз колледжінде жүргізілген аудиторлық тексеру бойынша оң шешім шығаруы үшін ауызбастырық талап еткен.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қызметкерлері шенеунікті 1 миллион 200 мың теңге сомасында пара алып тұрғанда ұстады.
Абай аудандық соты оған 9 миллион теңге көлемінде айыппұл салып, мемлекеттік лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Мөлдір Бекеева