Мейрамханада отбасылық шара өткізгендерге хаттама толтырылды

202

Шымкенттің 117 мың гектарының 20 мыңнан астам гектар аумағында 301 мыңнан астам халқы бар Еңбекші ауданы елімізде жарияланған төтенше жағдайдағы тыныс тіршілігі жайлы аудан басшысы Ғалымжан Ильясов арнайы өткізілген брифинг барысында мәлімдеді.

Төтенше жағдай жарияланған сәтте Еңбекші ауданындағы 28 мейрамхана, тойханалар, 3 ойынсауық орталықтары, 36 монша кешені, 18-ден астам интернет клуб пен букмекерлік кеңселер қызметі уақытша тоқтады.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы киім-кешек сататын базарлар жабылды. 28 наурыздан 160 қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты күндізгі 10:00 мен кешкі сағат 18:00-ге дейін шектелді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан тұрғындары мен қонақтарына меншік түріне қарамастан барлық жайларда, үйлерде, діни нысандарда жиындар өткізуге қатаң тыйым салынған. Алайда осыған қарамастан адамдар жиын өткізіп, көптеп бас қосуын тоқтататын емес.

Ғалымжан Ильясов, Еңбекші ауданының әкімі: «Көксай 3» шағынауданында №307 в үйде беташар рәсімі өткен. «Риза» мейрамханасында 96 адам отбасылық іс -шара өткен Ол азаматтарға ҚР ӘҚБК 476 бабына сәйкес аудандық ІІБ тиісті хаттама толтырылған».

Коронавирус індетінің таралуына тоқсауыл қою мақсатында аудан аумағында 12 мекеме 630 көпқабатты тұрғын үй жанындағы алаңды және 435 аулада залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бөлек, қоқыс алаңшалары, саябақтар мен гүлзарлар аумағы дәріленді. Қалада қосымша шектеулер енгізілгені жайлы халық арасында түсіндіру жұмыстары қолға алынған.

«З1-ші  наурызда сағат 21:00-де  Шымкент қаласына  кіруге және шығуға шектеу қойылған. Еңбекші ауданында Тоғыс, Жыланбұзған 1,2 және Абдулла абад тұрғын алабтарында санитарлық блок-бекеттер орнатылды. Рұқсат тек транзиттік жүк көліктері қаланың қауіпсіздігін және тұрмыс тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер мен осы салада істейтін азаматтарға рүқсат бар, әскерилерге,  медицина саласында қызмет ететін арнайы рұқсат қағаздары бар азаматтарға» ,-дейді Еңбекші ауданының әкімі
Ғалымжан Ильясов.

Жәрдемақы және зейнетақыны үйлерінде отырған адамдар қалай алатыны жәйі де брифингіде көтерілді.

«Карточкамен алатындар белгіленген тәртіп бойынша шоғырланбай пошта мен банктерде алуына болады. Еріктілер банкоматтарды залалсыздандыру құралдарымен  сүртеді. Ал үйіндегілерге зейнетақыны жеткізу жағы қарастырылуда» деді әкім.

Аудан басшысы кезекті рет азаматтарды барлық қауіпсіздік шараларын мұқият сақтап, үйде қалуын сұранды. Бұл жеке басыңыз бен туыстарыңыздың амандығы деп нақтылады әкім.

Шынар Оразова