Баспана сатып алуға мүмкіндік

192

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігі баспана сатып алу үшін «Отбасы банкіне» аударылады.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мәлімдедіі.Президент зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алу бастамасы оң нәтиже бергенін атап өтті

«Бұл үрдісті қолдау үшін жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинағының бір бөлігін болашақта баспана сатып алу үшін «Отбасы банк» шотына аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын. Бұл ақша жинау әдетін қалыптастырып, қаражатты сауатты басқаруға мүмкіндік береді», – деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауында.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жуырда «Баспана хит» және 7-20-25 тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі аяқталатынын мәлімдеді. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банкі» оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында бір терезе қағидаты бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр.

Шынар Оразова