Леңгір тұрғындары сасық иіске тұншығып отыр

170

Төлеби ауданының орталығындағы жаңа шағын аудан тұрғындары бірнеше жылдан бері кәріз құбырынан шыққан сасық иіске шағымданып келеді. Өйткені, мұнда үйлер салынып жатыр, ал ескі тазарту қондырғысының қуаты жетпейді. Әрі бұл аумақта инфрақұрылым мәселесі де толық шешілмеген көрінеді.

Бұл аудан орталығындағы жаңа шағынаудан. Ленгірде орналасқан бұл үйлер 2017 жылдан бастап пайдалануға берілген. Сол кездегі облыс әкімі Жансейіт Түймебаев алдағы уақытта аумақ абаттандырылып, заманауи ғимараттар салынады деп уәде берген еді. Бірақ арадан 5 жылдан аса уақыт өтті.

«Біздің басты мәселеміз – сасық иіс, бұл мәселені шешуге болады»-дейді тұрғын.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта барлық мәселе шешімін табады. Әрі аудан толығымен абаттандырылып, қоқыстан тазартады деп сендіріп отыр. Алайда барлығы бірден емес.

Ниетқасым Тілеугелдиев, Төлеби ауданы әкімдігінің өкілі: «Осы жылы 60 миллион теңгеден астам сомаға сметалық құжат дайын».

Сондай-ақ, шағынаудан тұрғындары тазарту қондырғысынан шығатын сасық иіске шағымданды. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешімін таппай келеді. Оның себебі көп. Ең негізгісі кәріз құбыры қалдық ағынына төтеп бере алмауында.

Қанат Өмірбеков, «Ленгер-СУ» компаниясының директоры: «Кәріз желісі 70-ші жылдардан бері бар. Қазір олар сметасын жасады; сараптамадан өтіп, 2 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылды. Биыл барлық жұмыстар басталады. Бірақ қашан аяқталатынын әзірге айта алмаймын».

Жаңадан сайланған Леңгір қаласының әкімі қыркүйек айына дейін аудандағы мәселелердің толық шешілетінін айтып сендірді. Әрі журналистерді шақырып, атқарылған жұмысты көрсетуге уәде берді.

                                                                                      Мөлдір Ибадуллаева