Сайрамдық тілшілер шырылдап жүр

Сайрамдық тілшілер
Сайрамдық тілшілер

Ауданның журналистер қауымы жергілікті әкімдіктің әрекетіне наразы. 80 жылдық тарихы бар аудандық «Мәртөбе», «Пульс Сайрама» және «Сайрам Садоси» газетінің тілшілері жергілікті әкімдіктің алдында шу көтерді.

Айқай шудың астарына үңілгенімізде «Исфиджаб» ЖШС-не қарайтын үш басылым аукционға қойылып, жеке кәсіпкерге сатылып кеткендігін аңғардық. Шырылдаған тілшілер мемлекеттік сатып алу конкурсының жасырын өткендігін айтады. Яғни, аудан әкімдігінің иделогиясын насихаттайтын мемлекеттік газет тәуелсіз басылымға айналған.

Мәлім болғандай, газетті жеке кәсіпкер Балжан Халмұрадова иелігіне  2,5 млн. теңгеге сатып алған. Ал әкімдік басшылары журналистерге ешқандай қауіп жоқ екендігін сендіруде.

Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, аукционда тек қана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлестер сатылған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WwfWGFqn5Q0[/youtube]