Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде

41

Сайрам ауданы, Манкент ауылында тұратын Санжарбек Болысов 2 жыл бұрын түйеқұстың екі балапанын сатып алып асыраған. Былтыр мемлекеттің қолдауымен грант алып, құстың санын арттырған. Бүгінде түйеқұстың 1 жасар бес балапанын қорада ұстап, төрт бас аналық пен бір бас аталығын ауыл сыртындағы шағын шаруашылықта асырап отыр.

«Бұл құс суыққа төзімді, жергілікті ауа райына бейім. Балапан кезінде жақсы күтім жасалса, жылдам өседі. Былтыр 28-29 градус аязда, ал биыл 17-18 градус суық болса да төзімділік танытты. Сондай-ақ, түйеқұс ыстыққа да шыдамды. Тропикалық аймақта мекендейтін құсты өз өңірімізде өсірудің өзіндік ерекшелігі де бар» – дейді шаруа.
Оның айтуынша, бойы 2-3 метрге жететін құстың аталығының салмағы 140-150 келіге жетеді. Әрқайсысы 100 келіге дейін ет беретіндіктен, жергілікті мейрамханалар тарапынан келісін 4 мың теңгеден алуға тапсырыс түсуде. Еті – қант диабеті мен қан қысымы дертіне дауа болса, ал терісі – аяқ киім, сөмке тігуге қолданылады. Өмір сүру ұзақтығы 60-70 жылды құрайтын түйеқұс жылына 40-50 рет жұмыртқалайды. Кәсіпкер алдағы уақытта африкалық құстың басын арттырмақ.