ОҚО-да қауын-қарбыздан уланғандар көбейіп жатыр

Дәрігерлер қауын-қарбызды сатып аларда басы кесілмегенін алыңыз деп кеңес береді
Бұл Шымкенттегі "Жібек жолы" базарындағы көрініс
Бұл Шымкенттегі «Жібек жолы» базарындағы көрініс

Күнгейде кауын-қарбыздан уланғандар саны артып барады. Осыған орай прокурорлар барлық базарларды жоспардан тыс тексеруді бастады. Анықталғаны сол, сатылымдағы дақылдардың бірде-бірі санитарлық нормаларға сай емес.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына күн сайын 70-тей науқас түсіп жатыр. Басым бөлігі өткір ішек инфекциясынан зардап шеккендер. Ақ желеңділердің айтуынша, тұрғындардың жаппай ауруына қауын мен қарбыздың құрамындағы нитраттың шамадан тыс көп болуы себеп.

Раушан Мүсралиева, дәрігер-инфекционист: «Өткір ішек инфекциясының негізгі себебі, әрине, қауын-қарбыз болады. Өйткені, олардың дұрыс сақталмауы, күнде ұзақ тұруы, машиналарда ұзақ уақыт тұрып қалуының да әсері тиіп жатыр».

Осындай жәйттер жиілеген соң прокуратура Шымкенттегі базар біткеннің санитарлық жағдайын жоспардан тыс тексеруді қолға алды. бақылаушы орган өкілдері Іші түскен қауындар мен тұрып қалған қарбыздардың сатылып жатқанына көз жеткізді.

Мамандардың сөзінше, қаладағы "Самал" және "Алаш" базарларында сатылып жатқан қауын-қарбыздардың құрамы тиісті бақылауда екен
Мамандардың сөзінше, қаладағы «Самал» және «Алаш» базарларында сатылып жатқан қауын-қарбыздардың құрамы тиісті бақылауда екен

Арнайы рейд кезінде мамандар сауда «сөрелерінде» санитарлық жағдайдан мақұрым қалған көрініске куә болды. Ал, сатушылар сауда орны күн сайын қадағаланып отыратынын алға тартады. Айтуларынша әлдебіреулер күн сайын «зертханадан тексеріп келдік» деп қауын мен қарбыздың бір данасын алып кетеді екен. Бірақ, сатылып жатқан тауардың тексерістен өткенін дәлелдейтін құжатын тауып бере алған жоқ.

Жандос Егембердиев, Абай ауданы прокурорының көмекшісі: «Көзбен көрініп тұр ғой. Қазіргі жағдайы қандай екені да базардың. Басқаның да. Бұл бойынша тиісті орындарға ұсыныс енгізілетін болады. Тексеріледі. Анықталады. Шара алынатын болады әкімшілік шара болсын».

Абай аудандық прокуратурасы Жібек жолы базарынан соң көшедегі сатушыларды аралайтын болады.

Дәрігерлер қауын-қарбызды сатып аларда басы кесілмегенін алыңыз деп кеңес береді
Дәрігерлер қауын-қарбызды сатып аларда басы кесілмегенін алыңыз деп кеңес береді

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=w6R-RokSP3g[/youtube]