Оңтүстіктің екі мергені Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

266
Юрий Юрков Әлем Кубогінің жеңімпазы атанды, фото www.sports.kz сайтынан алынған

Америка Құрама Штаттарында әлем кубогі жолындағы сайыс өтуде. Бұл байрақты жарыста 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына лицензия ойнатылып жатыр.

Юрий Юрков Әлем Кубогінің жеңімпазы атанды, фото www.sports.kz сайтынан алынған
Юрий Юрков әлем кубогінің жеңімпазы атанды. Фото www.sports.kz сайтынан алынған

Турнир аяқталмай жатып-ақ Оңтүстіктің қос мергені екі жолдамаға ие болды. Елизавета Король 50 метрлік қашықтықтан нысананы дәл көздеп, Риода сынға түсу мүмкіндігіне ие болса, Оңтүстіктің тағы бір мергені  Юрий Юрков 50 метрден нысанаға оқ атып, 1175 ұпай жинай алды.

Шымкенттік мергеннен асып түскен өзге мерген болмай, Юра әлем кубогінің жеңімпазы атанды. Бұл — Оңтүстік саңлақтарының еншісіндегі екінші жолдама.