Темекі шегу әйелге тән емес, десе де….

448

Қазақстанда әйелдердің шамамен 9,8 пайызы темекі шегеді, жылдан жылға оның көрсеткіші артуда. Темекі шегудің ең жоғары деңгейі 20-29 және 40-49 жас топтарында. Облыстық наркологиялық диспансерде 1632 әйел тіркеуде тұрады екен. Олардың 1296-сын ішімдік мазаласа, 254-і нашақорлар санатында.

Темекі шегетін әйелдер ерлерге қарағанда өкпе ауруларына бес есе жиі шалдығады. Жүрек талмасы сынды аурудан бастап, ағзаның тез қартаюына әкеліп соқтырады екен.

Облыстық наркодиспансерде әйелдерге арналған арнайы бөлім бар. 30 төсекті бөлімшеде емделіп жатқандардың бірі- 35 жасар Лена. Басында қызығушылықпен темекі тартуды бастап кеткен ол, енді тастай алмай әлек.

Лена, емделуші: «12 жасымда құрдастарыммен бірге темекі шегуді бастадым. Ата-анамнан тығылып шектім ол кезде. Сәнге еліктедім. Кейінрек, денсаулығыма кері әсерін тигізе бастады. Бір күнде бір қорабын тартып тастаймын. Балаларым да көкжөтелге шалдықты».

Темекі шегушілік: 90% өкпе қатерлі ісігінің; 70% бронходемікпесі ауруларының, 25% жүрек қан-тамыр дерттерінің себебі болып табылады.

Соңғы кездері орын алып жатқан балалар өлімінің артуы да, олардың түрлі ауруға шалдығуы да шылымқор әйелдердің үлесінде.