Темекі қымбаттайды

78
Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі тартады екен

Шілдеден бастап темекі қымбаттайды. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, ең төменгі баға 710 теңге болмақ. 2024 жылдан бастап баға тағы көтеріледі. Ол кезде темекінің ең төменгі құны 770 теңге болмақ.

Бұған келер жылы темекі акцизінің 14 процентке қымбаттауы және шикізат пен логистика бағасының көтерілуі түрткі болмақ. Әрі қымбатшылық арқылы никотинге тәуелділерді азайту көзделген.