ВИЧ инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша эпидемиологиялық тексеру жұмыстары басталды

190
ВИЧ позитивті балаларға вакцина салуға болмайды

 

ВИЧ позитивті балаларға вакцина салуға болмайды

Бүгін Шымкентте ВИЧ инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша эпидемиологиялық тексеру жұмыстары басталды. Бұл туралыбізге «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қорының басшысы Жанетта Жазықбаева мәлімдеді.

Естеріңізде болса, өңірде 12 жасар баланың ВИЧ-ті жұқтырғаны 7 жылдан соң ғана анықталған болатын. Науқас бүлдіршіннің ата-анасы «ұлымыз дертті Шымкенттегі ауруханалардың бірінде жұқтырды, оны дәрігерлер дер кезінде анықтамаған» деп шағымданып еді.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарған. Енді баланың ВИЧ-ті қайдан, қашан жұқтырғаны 12-қарашаға дейін анықталуы тиіс.

«Егер шын мәнінде 2006 жылғы ауруханаішілік ошақтан жұқтырғаны анықталса, дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін»,- дейді Жанетта Жазықбаева.