Автодоңғалақтарды заңсыз әкелгендер ұсталды

204
контрабандалық тауар тәркіленді
контрабандалық тауар тәркіленді
контрабандалық тауар тәркіленді

Облыс кеденшілері елімізге заңсыз әкелінген мыңдаған автомобиль доңғалақтарын тәркіледі. Біріккен Араб Әмірлігінен жеткізілген доңғалақтар ең ірі контрабандалық тауар дейді кеденшілер. Кәсіпкер жеңіл көлікке арналған қолданылған доңғалақтарды шекарадан заңсыз алып өтпек болған. Жеңілдің үстімен, ауырдың астымен ақша таппақ болған оның бұл арам ойы іске аспады. Енді кәсіпкер заң алдында жауап беретін болады.

Жасұлан Әсілбеков, ОҚО КБД бөлім бастығы: «Теміржол вокзалында қолға түсті кәсіпкер. Құжатта тауар басқадай рәсімделген. Бас аяғы 1800 автодоңғалақ тәркіленді. Бұрын қолданыста болғанымен сапасы жақсы. Кәсіпкерді қазір тергеп тексеру жұмысы басталды».

Автодоңғалақтар ескі болғанымен, сапасы жақсы дейді кеденшілер. Қаланың сауда нүктелеріне жете алмаған контрабандалық тауар тәркіленіп, жойылатын болады деп сендірді олар. Қазір кәсіпкерге қатысты тергеу жұмысы жүріп жатыр.