Ауылдан келген жастар заңнан бейхабар

316
Жастармен өткен кездесу
Жастармен өткен кездесу
Жастармен өткен кездесу

«Құқықбұзушылықпен күрес-болашаққа үлес». Дәл осы тақырыпта облыстық политехникалық колледжде семинар кеңес өтті. Мұндағы мақсат студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, салауаттылыққа баулу.

Мойындау керек, ауылдан келген жас, қала заңын бірден мойынсұнбайды. Содан барып, әкімшілік құқық бұзушылыққа тап болып, түсінбей жатады. Түнгі уақытта көшеде жүрсе, саябақтарда тазалықты сақтамайды. Міне, осыдан барып, жастар құқықбұзушылыққа көптеп ұрынады. Семинар-кеңеске құзырлы органдардың да мамандары қатысып, жастарға кеңес берді.

Жастар арасында тонау қылмысы көптеп орын алуда. Оған әлімжеттікті тағы қосыңыз. Түнгі уақытта ұрылардың құрбаны болатында жастар дейді кездесуге келген құзырлы органдар.

Дархан Досжан, ОҚО политехникалық колледждің студенті: «Ия, рас білместіктен көптеп құқықбұзушылыққа барамыз. Пісте шағамыз, қоқыс лақтырамыз. Сосын әкімшілік шара көрілсе, түсінбей таң қаламыз. Сондықтан осындай шаралар көптеп болғаны дұрыс».