Бейнекамера арқылы 10 күнде 800-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

28

Түркістанда бейнекамера арқылы қарсы қозғалыс жолағына шыққан 6 көлік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар жедел басқару орталығының операторлары соңғы 10 күнде 756 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде: 391-і қауіпсіздік белдігін тақпау, 39-ы көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, 40 дерек дұрыс емес жерде тоқтау, 15-і күңгірттеу және 6 жайт қарсы қозғалыс жолағына шыққан.

Заңға сәйкес қос тұтас сызықты кесіп қарама-қарсы бағытта жүретін жолдың жүріс бөлігіне шығып кетіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.