Шымкенттік кәсіпкердің отбасын ойрандағандар ұсталды

581
Соңғылардың бірі болып қолға түскен күдікті

Шымкенттік кәсіпкер Камалжон Ариповтың отбасын ойрандаған қаніпезерлер ұсталды. Осыдан бір апта бұрын кәсіпкердің отбасына шабуыл жасаған қылмыскерлер көрші облыстардан жиналғандар екен. Олардың көсемі – марқұмның бизнестегі әріптесі болып шықты. Әзірге қылмыстық топтың 4 мүшесін тұтқындалды. Олардың бірі қалааралық пойызда кетіп бара жатқан жерінен ұсталған.

Соңғылардың бірі болып қолға түскен күдікті
Соңғылардың бірі болып қолға түскен күдікті

Осылайша қарақшылық шабуыл жасағандардың төртеуі Қазақстанның төрт бұрышында қолға түскен. Қылмыстық топтың мүшелерінің ең үлкені 40 жаста болса, ең жасы – 26-да. Екі адамды ұрып өлтірген де – сол. Өзі қолға түскен соң жылап жіберді. Айтуынша, олар отбасы мүшелерін байлап тастап құнды заттарды сыпырып кетпек болған. Қарсылық көрсеткен соң екеуін ұрып тастадық дейді.

Жас жігіт тергеу кезінде жылап жіберді
Жас жігіт тергеу кезінде жылап жіберді

 

«Біз о баста үйді тонап, адамдарды байлап тастаймыз деп келіскенбіз. Сол үшін кіре сала адамдарды байлауға кірістік. Бірақ олар бізге қатты қарсылық көрсетті. Содан кейін мен қолымдағы «монтировкамен» ұра бастадым. Қатты ұрып жібердім-ау деймін. Оларды өлтіремін деген ойым болған жоқ. Біз кеткен кезде үйдің иесі мен баласы әлі тірі болатын» дейді күдікті жігіт.

 

 

 

 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қанды қол топтың көсемі – Камалжан Ариповтың жақсы танысы болған. Бұған дейін бизнесте істес болыпты. Дегенмен, соңғы бір істе қызылордалық кәсіпкердің жолы болмай қалады. Содан бері тісін қайрап жүрсе керек.

ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары Қайрат Дәлбеков.
ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары Қайрат Дәлбеков.

 

«Бұл күдіктілердің басшысы, 1975 жылы туылған азамат, осы қылмыстық әрекетті жасауға өткен жылдың қазан айынан бері дайындалған. Оған бизнестегі сәтсіздігі себеп болса керек. Камалжон Ариповпен бірлесіп, «сделка» жасамақ болған. Онысы сәтсіз аяқталған соң, қызылордалық кәсіпкердің жұмысы нашарлай бастапты. Соған ызаланса керек, марқұмның үйіне шабуыл жасауға дайындалады. Ол үшін Қазақстанның біраз қалаларын аралап жүріп, сыбайластар іздестіреді. Барлығының басын қосып, Шымкентке келеді. Мұнда үш тәулік бойы кәсіпкердің үйін аңдиды. Осылайша отбасы мүшелерінің таңертең қашан тұрып, кешке ұйқыға қашан жататынына дейін біліп алған. Қажетті құрал-саймандарды да сатып алған».

ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары Қайрат Дәлбеков.

Сөйтіп, қарақшылар 25-наурыз күні таңғы сағат 4-тен 40 минут өткенде беттеріне бетперде киіп, кәсіпкердің үйіне басып кіреді. Үйде 1 сағат 20 минут болған күдіктілер бағалы заттарды әбден іздеген. Сейфті зілбалғамен ұрып, есігін бұзады. Олардың алып кеткен ақшасының көлемі өте үлкен дейді Қайрат Дәлбеков. Әзірге тоналған ақшаның жалпы көлемі анықталып жатыр.

Қарақшылардың қылмыс құралдары
Қарақшылардың қылмыс құралдары

 

Анық болғаны, күдіктілердің миллиондап саналатын несиесін өтепті. Қалғандары да түрлі заттар сатып алған. Өздері қылмысты жасаған соң түнделетіп Қызылордаға тайып тұрады. Сонда екі тәулік болып, кейін еліміздің төрт бұрышына тарап кетеді. Ал алтындарды қылмыстық топтың көсемі алып қалады. Қолға түскен кезде күдіктілерден 4500 евро ақша мен 81 алтын бұйым тәркіленіп алынды.

 

 

 

Миллиондап саналатын несие төлемінің түбіртегі
Миллиондап саналатын несие төлемінің түбіртегі

Полицейлер ұсталғандардың басқа да сыбайластары болуы мүмкін деген болжам жасайды. Қазір күдіктілердің өзге де ауыр қылмыстарға қатысы тексерілу үстінде. Олардың үстінен қарақшылық шабуыл және кісі өлтіру фактілері бойынша қылмысты іс қозғалған.

Тәркіленген алтын бұйымдар
Тәркіленген алтын бұйымдардың саны – 81

 

 

 

 

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gNpwL6_NHL0[/youtube]