Кентаулықтар «Мәдениетім-мерейім» фестивалінің шымылдығын ашып берді

324
Кенді қаладан сәлем!

Облыс орталығында Кентау қаласының мәдени күндері өтті. Шәмші әлемін кенді қаланың назды әуеніне бөлеген өнерпаздарды Шымкенттік көрермендер ерекше қарсы алды.

Кенді қаладан сәлем!
Кенді қаладан сәлем!

 

Қарт Қаратау етегіндегі Кентау өнер додасына тыңғылықты дайындықпен келіпті. Көрермен көңілін алдымен Шәмші аллеясына жайылған көрмесімен жаулап алды. Әсіресе шағынқаланы дамыту жобасы жұрт қызығушылығын тудырды. Көрмені тамашалаушылардың қатарында облыс әкімі Асқар Мырзахметов те жүр.

Шағынқаланы дамыту жобасы таныстырылуда
Шағынқаланы дамыту жобасы таныстырылуда

Кентау танымал тұлғаларға бай. Кенді қаланың тарихы да бір төбе. Сондықтан болар, облыстық фестивальдың шымылдығын бірінші болып түру мәртебесіне ие болыпты.

Әділ Әуелбеков, Кентау қаласы әкімінің орынбасары: «Біз бірінші болып фестивалді бастау мәртебесіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Қорқыныш, үрей болған жоқ. Өйткені Біздің қала-өнерлі қала. Көркемөнерпаздарымыздың дайындығының арқасында алдыңғы қатардан көрінетімізге сенімдіміз».

Кенді қаладан сәлем!
Кенді қаладан сәлем!

Саида Ешманова -жас әнші. Талай байқауда Кентаудың келбетін көрсетіп, мәртебесін арттырған. Бүгінгі сахнаға жерлесі, атақты сазгер Сейдолла Байтерековтың әнін алып шығып, көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Саида Ешманова, Кентау қаласының өнерпазы: «Қанша рет сахнаға шығып, қанша рет ән шырқасам да бүгінгі толқығанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Қатты қорықтым. Вальс падишахы-Шәмші атамыздың гүлзарында ән салып, кенді қаланың намысын қорғаудамын».

кентаулықтар дайындаған цирк жанры көптің көңілінен шықты
кентаулықтар дайындаған цирк жанры көптің көңілінен шықты

Кенді өлке қойған концертте ән де шырқалып, би де биленді. Әсіресе, кентаулықтардың цирк жанрындағы нөмері шымкенттіктерді таң қалдырды. Аспалы арқанда еш кідірмей ойнаған өнерпаз, тісімен автокөлікті тартып, мықтылығын танытты.

Осылайша 4 шілдеге дайын жалғасын табатын «Мәдениетім-мерейім» фестивалінің шымылдығын ашқан Кентау қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленіп тарқасты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5scPR9zRcmc[/youtube]