Түркістан облысында ең жас сайлаушы Кентау қаласында дауыс берді

64

Биылғы жылдың жауапты науқанында жастар белсенділік танытуда. Ел болашағының ертеңі олар әкім сайлауынан шет қала алмадық дейді. Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Севара Тойметова 18 жаста. Жастығына қарамастан еліміздегі кез-келген жағдайға бей-жай қарай алмаймын дейді ол. Сол себептен бүгін ол жергілікті №58-сайлау учаскесіне барып, алғаш рет өз таңдауын жасады.

 

«Ауылымызда еңбекқор, білімді азаматтар көп. Бүгінгі сайлауда сондай азамат ауыл әкімі болады деп ойлаймын. Өзім де сондай азаматқа дауыс бердім. Сайланған әкім ауылымыздың дамуына белсене атсалысады деп ойлаймын», – дейді С.Тойметова.

Оқуды үздік аяқтаған ол биыл Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық университетінің «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша грантқа түскен.

Алдағы уақытта еліміздің дамуына тамшыдай болса үлес қоссам дейтін жастың арманы көп.