«Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие жетіспейді»

385
Мектеп оқушылары ардагерге сұрақ қойып, көкейіндегі сауалдарға жауап алуға асықты

Балалар әнді мереке құрметіне емес, өңіріміздің құрметті азаматы, ауған соғысының ардагері Орынәлі Абдулдаевқа арнап салуда. Кездесу аясында ерлікке тағзым жасауды парыз санайтын олар өнерлерін ортаға салды. Бірі сұрапыл жылдарды еске салар баяндамаларды оқыса, екіншсі жыр жолдарын оқуды ұмыт қалдырмады. Би билеп арнайы шараның сәнін кіргізді. Ал ардагер бүгінгі өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие жетіспейді деп ашынады.

Орынәлі
Орынәлі Абдулдаев өскелең ұрпаққа патриоттық тәртіп жетіспейді деп ашынды

Орынәлі Абдулдаев, Ауған соғысының ардагері: “Қазіргі жастарға патриоттық тәртіп, тәрбие жетіспейді. Сондықтан осы менің айтқан сөзімнен осы бір осы оқушылар қорытынды шығарса, мен қуанышты болар едім. Өзімнің борышымды орындадым деп сенемін. Ал жалпы мектеп оқушыларымен кездесіп, өте керемет әсер алып отырмын. Олардың ерлікке деген құрметі маған қатты ұнады. Осындай шаралар жиі өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болады деп ойлаймын”.

Айғаным Кеңесбекова, оқушы: “Мен Орынәлі ағамызбен кездескенімізге өте қуаныштымын. Осы датаны белгілегеннен бері, асыға күттік. Сыныптастарым арнайы сауал дайындап жүрді. Мен де сұрақ қойдым. Қанша марапатыңыз бар, таққан ордендеріңіз қандай ерліктеріңіз үшін берілді деген сұрақ еді ол. Себебі атамыздың төсіндегі марапаттарда шек жоқ болып көрінді маған. Қызықты оқиғаларды айтты. Бізді елді, Отанды сүюге шақырды”.

Мектеп оқушылары ардагерге сұрақ қойып, көкейіндегі сауалдарға жауап алуға асықты
Мектеп оқушылары ардагерге сұрақ қойып, көкейіндегі сауалдарға жауап алуға асықты

Кездесу кеш сұрақ-жауапқа ұласты. Ардагердің өткенін білуге асықты оқушылар. Ұрыс алаңындағы жәйттерден де хабардар болды. Өмірі сан түрлі оқиғаға толы ардагер бастан өткерген қызықты уақиғаларын айтып, шәкірттерге ерекше әсер сыйлады.

[youtube]http://youtu.be/Zm3f0G-FkXw[/youtube]