Талапкерлер құжаттарын тапсыра бастады

239

Бүгіннен бастап Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жоғары оқу орнына түсуге ниетті талапкерлердің құжаттарын қабылдай бастады. Бірыңғай және кешенді тест тапсырған үміткерлер сертификатқа қол жеткізген болса, аталмыш білім ошағының ғимаратына келгені жөн. Ондағы хатшылар шілденің 31-не дейін құжаттарды қабылдайды. Содан кейін талапкерлер жайлы ақпарлар электронды түрде Астанаға жолданып, грант иегерлері Елордада білім министрлігі өткізетін байқауда белгілі болмақ.