Облыстық «Абай оқулары» байқауы өтті

1032

Оңтүстікте хәкім Абайдың 169 жылдығын атап өту жалғасып жатыр. Ақын құрметіне есімі берілген мұражайда облыстық «Абай оқулары» байқауы өтті. Биылғы жыр бәсекесінің қатысушылары үшін жаңа шарт түзілген. Енді жас буын қаламгерлер ақынның өлеңдерін ғана емес, «Абай жолы» эпопеясынан үзіндіні де жатқа оқуы тиіс.

Бекарыс Басықара Абайға арнауын оқыды
Бекарыс Басықара

Бекарыс Басықара өз шығармасын шабыттана оқып берді. Бұған дейін ақын Абайдың құрметіне арналған байқауға қатысып, жеңімпаз атанып еді. Ал бүгін ақын Абайды өз ақындығымен жырға алғаш рет қосып отыр.

Бекарыс Басықара, Ордабасы ауданынан келген үміткер: «Біраз қобалжыдым, дегенмен, сахнаға шыққаннан кейін қобалжуым басылды. Айналамдағының барлығын дерлік ұмыттым, сөйтіп Абайдың өлеңдерінің образына еніп, оның өміршеңдігін дәлелдегім келді. Ең бастысы, өлеңнің мағынасын көпшілікке ұқтырдым деп ойлаймын. Абай атамызға арнап өлең жазу үшін қатты іздендім. «Абай жолы» роман-эпопеясын оқыдым.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=PMiJPbHE31s[/youtube]

Бұл әдеби сайысқа аудан-қалалардан 10-16 жас аралығындағы 19 үміткер жолдама алған. Оларыдң өнерін 4 адамнан құралған қазылар алқасы таразылады. Бірақ олардың жас ақындардың жырына көңілі толған жоқ.

Байқауға 19 үміткер қатысты
Байқауға 19 үміткер қатысты

484

Сәрсен Бек Сахабат, қазылар алқасының төрағасы: «Кемшілік болып жатыр. Жастар өлеңнің табиғат-техникасын жақсы біле бермейді. Буын санын есептемейді. Мысалы, өлеңнің ұйқасы 3 буыннан басталса, соны аяғына дейін сақтау керек, ал бізде 3 буынмен келеді де, 4 буынға ауысып кетіп қалады. Міне, осындай қателіктер және сөзді орнымен дұрыс қолданбауы бар.»

Сонымен, байқаудың бас жүлдесін Созақ ауданының жас ақыны Жансая Алпамысова жеңіп алды. Бірінші орыннан Мақтааралдың шәкірті Мәдина Еркінбекқызы көрінді. Жүлделі екінші орынды төлебилік Қаламбек Төлеби мен ордабасылық Басықара Бекарыс иемденді. Ал үшінші орын шардаралық Назерке Ершораева, Түлкібастың жас ақыны Ақмарал Әбдікерім мен Қазығұрттың таланты Бағила Құрбановаға бұйырды.