ОҚО студенті республикалық «Абай оқуларынан» 1-орын алды

469
ОҚО студенті республикалық

Шымкенттің студенті республикалық сайыстан жеңімпаз болып оралды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенті Унсунай Сайдазимова Астана қаласында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауында І орынды иемденді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ОҚО студенті республикалық "Абай оқуларынан" 1-орын алды

Аталған байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттырып, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау мақсатында   дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған шараға облыстық байқауларда топ жарған жастар қатысты. Ұлы Абайдың шығармаларын жатқа айтып қана қоймай, мәнерлеп оқып берді.

Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Н.Шарафиев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенті У.Сайдазимованың жеңісімен құттықтап, жоғарғы оқу орнының ректоры О.Аяшевқа құттықтау хат жолдады.