Облыс әкімдігінің мекенжайы ауысты

1608

Облыс тұрғындарының назарына! Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта салынған ғимаратқа көшкенін хабарлаймыз. Жаңа орталықтың мекенжайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы, нөмірсіз үй.

003

Облыс әкімінің аппараты мен облыстық басқармалар орналасқан әкімдікке жолаушылар тасымалдайтын №92 (С.Бәйтереков көшесі, Астана даңғылы, Ж.Шаяхметов көшесі арқылы), №45 (Ұ.Арғынбеков, С.Бәйтереков көшелері мен Астана даңғылы арқылы), №13 (Т.Назарбеков, Ж.Шаяхметов көшелері арқылы) және №4, 14, 20, 42, 76, 103 бағыттағы қоғамдық көліктермен (С.Бәйтереков көшесі арқылы) баруға болады.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі