Түркістанда қылмыстық топтың серкесі ұсталды

249
фото: //chto-proishodit.ru

Облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында, қаладағы көшелердің бірінен 27 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ішкі істер министрлігінің арнайы есебінде тұратын, 1988 жылы туылған жігітке ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірін басқарады деген айып тағылып отыр.

фото: //chto-proishodit.ru
фото: //chto-proishodit.ru

Ұстау барысында күдікті полиция қызметкеріне бағынбай, қатты қарсылық көрсетіп, өзінің басқаруындағы «БМВ-525» маркалы автокөлігімен полиция қызметкерін соғып, қашып кетуге әрекет жасаған. Кейін тінту барысында қалтасынан «Страж» тапаншасы оқтарымен табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, күдікті мініп жүрген «БМВ-525» автокөлігін тексеру барысында көліктің 40 жастағы Шымкент тұрғынына тиесілі екенін, 2014 жылдың қазан айында ұрланғаны анықталды. Ол бойынша Шымкентегі Еңбекші полиция бөлімінде автокөлікті айдап кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған екен.

Қазіргі таңда тергеушілер ұсталған азаматтың бірнеше ауыр қылмысқа қатысы бар екенін анықтап отыр. Олар – адамды бас бостандығынан заңсыз айыру, билік өкіліне қарсылық көрсету, автокөлікті айдап кету.

Қазір күдікті Түркістан қаласында қамауда жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.